Қазақстан биологиядан халықаралық олимпиадада 8 медаль жеңіп алды

9-14 маусым аралығында Бұхара қаласында (Өзбекстан) өткен биология пәнінен Авиценна атындағы халықаралық олимпиада өз мәресіне жетті. Олимпиада 18 елден келген 100-ден астам оқушы арасында өтті, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Қазақстан Республикасының атынан сегіз оқушы қатысып, 8 медаль ұтты:
Күміс медаль - Амина Тынарбай, Қызылорда облыстық дарынды балаларға арналған №10 «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;
Күміс медаль - Ғалымжан Бақтыбай, «Білім-инновация» дарынды ұлдарға арналған лицей-интернатының 11 сынып оқушысы, Астана қаласы;
Күміс медаль - Дана Амангелді, Астана қаласы Nurorda мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;
Күміс медаль - Батыр Ержанұлы, Өскемен қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы;
Қола медаль - Нұртөре Төреханұлы, Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицейінің 11 сынып оқушысы;
Қола медаль - Айғаным Балташова, Астана қаласындағы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы;
Қола медаль - Аружан Алмашова, Қызылорда облыстық дарынды балаларға арналған №10 «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;
Қола медаль - Рауан Есен, Жамбыл облыстық дарынды ұлдарға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 11 сынып оқушысы.
Құрама команданың жетекшісі: Асқар Маратұлы Мажикенов - Назарбаев Университетінің магистрі, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы, биология пәнінен құрама команданың жаттықтырушысы.
