Қазақстан банктеріне қолма-қол рубльді әкетуге рұқсат етілді

Қазақстан банктеріне елімізден қолма-қол рубльді әкетуге қайтадан рұқсат етілді. 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болатын тиісті үкімет қаулысына премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне 2022 жылғы 31 тамызға дейін осы екінші деңгейдегі банктердің кассаларында 2022 жылғы 1 шілдедегі сағат 23:59-да жинақталған көлем шегінде Қазақстан Республикасынан қолма-қол Ресей рублін әкетуге рұқсат етілсін, - делінген қаулыда.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесіп, осы қаулыны іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдайды. Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Оқи отырыңыз:
- Өскемен тұрғындары көшеден адамның бас сүйегін тауып алды
- Шымкенттіктерді 60 млн теңгеге сан соқтырып кеткен алаяқ әйелге іздеу жарияланды
