Жаңалықтар

Қазақстан балуандары Баку турнирінің екінші күнін жүлдесіз аяқтады

Қазақстан балуандары Баку турнирінің екінші күнін жүлдесіз аяқтады
Фото: © El.kz 15.02.2025 19:13 506

Бакуде дзюдюдан өтіп жатқан Гранд Слэм турнирінің екінші жарыс күнінде татамиге шыққан қазақстандық балуандар жүлдеден тыс қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әзірбайжан астанасындағы турнирде бүгін 73 келіде Ислам Тоқтасын мен Аңсарбек Ғайнуллин және 81 келіде Мейіржан Жұмабек күрескен еді. Алайда Аңсарбек алғашқы айналымда әзірбайжандық балуанға есе жіберсе, қалған екеуі ширек финалға дейін жетіп, нәтиэесінде 7-ші орынға тұрақтады. 

Ислам Тоқтасын бірінші белдесуде аустралиялық спортшыны жеңсе, екінші айналымда неміс балуанынан айқын басым түсті. Алайда ширек финалда әзірбайжандық балуанға есе жіберіп, жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алды. Бірақ Грузия балуанымен күресте ол айласын асыра алмай, турнирді жүлдесіз аяқтады. 

81 келіде Мейіржан Жұмабек Молдова, Чехия балуанын ұтқанына қарамастан, ширек финалда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Сомон Махмадбековтен мықты екенін көрсете алмады. 

Кеше 60, 66 келіде күрескен Қазақстан құрамасының 4 балуаны жүлдеден тыс қалды. Ерте 90, -100, +100 келіде отандық татами шеберлері белдесуге шығады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға