Жаңалықтар

Қазақстан БАЭ туристері барғысы келетін елдер көшін бастады

Қазақстан БАЭ туристері барғысы келетін елдер көшін бастады
Фото: © El.kz 13.03.2024 08:45 621

Қазақстан 2024 жылдың Ораза мерекесі кезінде БАӘ туристері барғысы келетін елдердің көшін бастады, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Қасиетті Рамазан айы келіп мен Құрбан айт жақындаған сайын Skyscanner ғаламдық әуе саяхаты бойынша іздеу жүйесінің деректері БАӘ тұрғындары үшін Қазақстанның ең танымал саяхат бағытына айналғанын көрсетті.

Skyscanner мәліметіне сүйенсек, БАӘ тұрғындары ең қолайлы ұшу күні ретінде 2024 жылдың 2 сәуірін таңдаған. Сауалнамаға қатысқан саяхатшылардың жартысынан көбі (51%) бір аптаға немесе одан аз уақытқа сапарларды брондауды қалаған.

Қазақстанға деген қызығушылықтың 195%-ға өсуі басқа танымал бағыттарға қарағанда айтарлықтай жоғары көрсеткіш.

Демалыс үшін таңдалған елдердің толық тізімі төмендегідей: 

  • Қазақстан: 195%
  • Сейшель аралдары: 115%
  • Кипр: 99%
  • Жапония: 90%
  • Вьетнам: 81%
  • Оман: 78%
  • Швейцария: 56%
  • Кения: 53%
  • Маврикий: 52%
  • Грекия: 49%

Skyscanner саяхат сарапшысы Айюб Эль Мамун БАӘ тұрғындарының Қазақстанды таңдауы Ораза айт мейрамында мәдени және байыпты саяхатқа деген ұмтылыспен байланысты екенін және де бұл Қазақстандағы туризмнің тиімді дамып отырғанын көрсететінін атап өтті.

«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ eQonaq жүйесінің деректері БАӘ туристерінің Қазақстанға деген қызығушылығының артып келе жатқанын растайды. Бұл келушілер санының 2022 жылы 2963 туристен 2023 жылы 6051 туристке дейін екі есеге артқанын көрсетеді. БАӘ туристерінің Қазақстандағы негізгі бағыттарының ішінде Алматы, Астана қалалары және Алматы облысы ерекше көзге түседі.

Біріккен Араб Әмірліктері тұрғындары үшін туристік бағыт ретінде Қазақстан танымалдылығының артуы табиғи сұлулық, мәдени байлықтың бірегей үйлесімі мен елдің халықаралық туризмдегі елеулі әлеуетін көрсетеді. Өйткені  еліміздің табиғаты мен мәдени қоры жыл өткен сайын шетелдік туристер арасында бұрын-соңды болмаған қызығушылық тудырып келеді. Әсем таулар, көлдер мен өзендердің таңғажайып пейзаждары, рухани туристік орындар мен дала халқының шынайы және заманауи дәстүрлерінің тандемі танымалдықтың артуына қозғаушы күшке айналуда.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға