Жаңалықтар

Қазақстан азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқынын ұстап тұр – СИМ

Қазақстан азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқынын ұстап тұр – СИМ
Фото: ©Pixabay.com 30.10.2024 10:10 307

Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметтері бойынша, Қазақстан азық-түлік тауарларының бағасының өсу қарқынында ең төменгі көрсеткіште Армениядан кейін екінші орынды иеленді. Қазақстанда бұл көрсеткіш 2,9%-ды құрады, Ресейде – 4,5%, Беларусьте – 3,7%, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

СИМ мәліметінше, қыркүйек айында Қазақстанда жылдық инфляция 8,3%-ға дейін баяулады, азық-түлік бағасының өсу қарқыны жылдық мәнде 5,1%-ға дейін төмендеді. 9 айдың қорытындысы бойынша азық-түлік бағасы тамыз айымен салыстырғанда тұрақты қалды. 7 тауар бойынша көрсеткішт төмендеген. Оның ішінде сәбіз, күріш, жұмыртқа, қырыққабат, қарақұмық, күнбағыс майы және ұн бар.

Бағаны тұрақтандыру үшін ҚР Сауда және интеграция министрлігі қолдау шараларын жүзеге асыруда, соның ішінде:

- отандық өндірісті қолдайтын ӘМАТ-рын басымдықпен қаржыландыру;
- маусымаралық кезеңде тауар интервенциялары;
- сауда үстемесін бақылау;
- делдалдарды болдырмау үшін баға белгілеу тізбегін талдауды күшейту;
- заманауи сауда форматтары мен инфрақұрылымын дамыту.

Жыл басынан бері Сауда және интеграция министрлігінің аумақтық бөлімшелері сауда үстемесін асыра қолданғаны үшін 4014 әкімшілік қаулы шығарды. Жалпы сомасы 25 млн теңгеге 667 айыппұл мен 3,3 мыңнан астам ескерту жасалды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қаулылар саны 4 есе өсті, бұл министрліктің бақылауды тиімді жүргізіп жатқанын көрсетеді.

Бұзушылықтарды анықтаудың маңызды құралы ретінде электрондық шот-фактуралардың (ЭСФ) талдауы қолданылады. Алты ай ішінде азық-түлік тауарларын жеткізу тізбектерінің 8,9 мыңнан астамы талданып, сауда заңнамасын бұзудың 3 мыңнан астам тәуекелдері анықталды.

Сауда үстемесін асыра қолданғаны үшін әкімшілік жазаларды күшейту бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне түзетулер енгізу әзірленді. Атап айтқанда, субъектілікке байланысты бірінші бұзушылық үшін ескертуді 5-тен 150 АЕК-ке дейін айыппұлмен алмастыру ұсынылады.

Делдалдық схемаларды тергеу бойынша өңірлік комиссиялар белсенді жұмыс істеуде. Жыл басынан бері комиссиялардың 1169 отырысы өткізіліп, шамамен 3,2 мыңға жуық өнімсіз делдалдық пен сауда үстемесін асыру фактілері анықталды. Кәсіпкерлер мен жеке тұлғалармен түсіндіру жұмыстары қатар жүргізілуде. Кешенді жұмыстың нәтижесінде біз ӘМАТ-дың бағаларының 5%-дан 30%-ға дейін төмендеуін байқаудамыз.

Жұмыртқа бағасының өсуіне жол бермеу үшін Сауда және интеграция министрлігі мен Қазақстан Құс өсірушілер одағы, Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы арасында ағымдағы жылдың соңына дейін жұмыртқа бағасының жоғарғы шегін бекіту бойынша ынтымақтастық меморандумдары жасалды. Өз кезегінде, отандық жұмыртқа өндірушілерді қолдау мақсатында ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап 6 ай мерзімге автокөлікпен жұмыртқа әкелуге шектеу енгізілді.

Ресей тарапынан қант экспортына енгізілген шектеу шараларына байланысты ішкі нарықты қорғау мақсатында 14 маусымнан 31 тамызға дейін ЕАЭО елдеріне және үшінші елдерге Қазақстан аумағынан қант экспорттауға тыйым салынды.

Сондай-ақ ҚР Сауда желілері одағымен сауда желілерінің сөрелерінде отандық тауарлардың үлесін ұлғайтуға және отандық өндірісті дамытуға жәрдемдесуге бағытталған бірлескен шараларды қабылдау туралы меморандумға қол қойылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға