Қазақстан Азия ойындарында қай орында келеді

Фото: ©Olympic.kz/Сали САБИРОВ
Фото: ©Olympic.kz/Сали САБИРОВ
06.10.2023 16:28
1043
Қазақстандық каратэші Қайсар Алпысбай Азия ойындарында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ханчжоуда өтіп жатқан аламанда ел қоржынына тоғызыншы алтын түсті.
Финалда жерлесіміз кувейттік Абдуллах Шабанды ұтты – 7:5.
Тоғызыншы алтыннан соң Қазақстан жүлделер кестесінде 11-орыннан 10-орынға көтерілді.
Қазір құрама еншісінде 9 алтын, 16 күміс және 41 қола медаль бар.
Көш басында Қытай тұр – 345 медаль (183-103-59), одан кейінгі орындарда Жапония — 159 (44-55-60) мен Оңтүстік Корея келеді — 165 (36-47-89).
Азия ойындары 8 қазанда аяқталады.
Бөлісу:
