Жаңалықтар

Қазақстан азаматы Түркиядан депортацияланды

Қазақстан азаматы Түркиядан депортацияланды
Фото: © ҚР ҰҚК 29.01.2024 09:52 773

27 қаңтарда халықаралық террористік ұйымның әрекетіне қатысы болуы мүмкін деген күдікке іліккен 22 жастағы қазақстандық Ыстамбұлдан Алматыға айдауылмен депортацияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҰҚК деректеріне сәйкес, тергеу материалдарына сәйкес көрсетілген Түркістан облысының тумасы 2020 жылы Сирияға кетіп, онда қарулы топтардың біріне кірген.

Оны ұстауды және отанына беруді ҰҚК түркиялық серіктестерімен бірлесіп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен ІІМ-нің қолдауымен ұйымдастырды, - делінген мәліметте.

Ұсталғанға қатысты ҰҚК Қылмыстық кодекстің 257-бабына сәйкес террористік әрекетке қатысу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеруде.

Ол сот санкциясымен қамауға алынды. Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға