Қазақстан азаматтығын алу үшін мемлекеттік тіл мен тарихты білу керек: ереже бекітілді
Фото: ©El.kz/Мәди ЫСҚАҚОВ
Фото: ©El.kz/Мәди ЫСҚАҚОВ
14.10.2024 11:00
630
Қазақстанда азаматтық алу үшін мемлекеттік тіл мен Қазақстан тарихын білу талаптары бекітілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ғылым және жоғары білім министрі тиісті құжатқа қол қойды.
Азаматтыққа қабылдау немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді бастауыш деңгейде кемінде 36 балл, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін 9 балдан кем емес, сондай-ақ Қазақстан тарихын білу көлемі 15 балдан кем емес болып бекітілсін, - делінген құжатта.
Бұйрықтың орындалуын бақылау ғылым және жоғары білім вице-министріне тапсырылды.
Бұйрық 12 қазанда күшіне енді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
2030 жылға дейін 3,8 млн жаңа жұмыс орны құрылады
Келесі жаңалық
Қандай балалар суицидке барады? Психолог түсіндіріп берді