Қазақстан азаматтары 29 елге тікелей рейстермен ұша алады
Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі мәлім етті
Қазір қазақстандықтар әлемнің 29 еліне тікелей рейстермен ұша алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Ішкі әуе рейстерді аптасына 687 рейс жиілігімен 57 бағыт бойынша 5 отандық әуе компания орындайды. Осы жылы NEOS әуе компаниясым Алматы – Милан, «Эйр Астана» компаниясы Алматы – Ираклион, Vietjet Air компаниясы Алматы – Нха Транг, Jazeera Airways компаниясы Түркістан – Кувейт, AnadoluJet компаниясы Алматы – Анкара және Астана – Анкара және Pegasus Airlines компаниясының Алматы – Анкара, Алматыдан Сургутқа, Тюменьге және Новосибирге, сондай-ақ Астанадан Санкт-Петербургке жаңа бағыттары ашылды. «Түрікменхаваеллары» компаниясы Алматыдан Ашхабадқа әуе рейстерді қалпына келтірді», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар Ақтау мен Шымкенттен Анкараға, Алматы мен Ақтаудан Мединаға, Астанадан Нячангқа 25 желтоқсаннан бастап, Астанадан Бакуге және Шымкенттен Душанбеге 2023 жылғы көктемгі-жазғы навигация кезеңінде рейстер ашылады деп күтілуде.
Сонымен қатар 26 желтоқсаннан бастап Қазақстан мен Сейшел аралдары арасында Алматы – Маэ бағыты бойынша рейстер ашылмақ. Сондай-ақ Астана, Алматы, Ақтау, Түркістан және Атыраудан Ыстамбұлға, Астана мен Алматыдан Антальяға, Алматыдан Баку, Тбилиси, Пхукет және Малеге рейстер ұлғайды.
