Жаңалықтар

Қазақстан атынан өнер көрсететін легионер балуан Азия чемпионатында жүлдесіз қалды

Қазақстан атынан өнер көрсететін легионер балуан Азия чемпионатында жүлдесіз қалды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 29.03.2025 21:41 516

Иорданияда күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Начын Куулар Азия чемпионатында жүлдесіз қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Еркін күрестен Ұлттық құрама спортшысы Начын Куулар Амман қаласында өтіп жатқан сары құрлық чемпионатында қола медаль үшін сынға түскен еді. Алайда леионер балуан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Иошинасуке Аоягиге қарсы белдесуде 8:0 есебімен жеңіліп, үмітті ақтай алмады. 

Бүгін ұлттық құрама сапында күрескен Рахат Қалжан (57 келі) қола жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, 79 келіде Дәулет Ергеш қола үшін белдесуге шығады. Сонымен бірге, 97 келіде Ризабек Айтмұқан финалда Жапония балуанымен күреседі. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға