Жаңалықтар

«Қазақстан аруы – 2023» байқауының жеңімпазы анықталды

«Қазақстан аруы – 2023» байқауының жеңімпазы анықталды
Фото: © Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ 15.12.2023 10:25 1630

Алматыда «Қазақстан аруы-2023» ұлттық сұлулық байқауының финалы өтті. Биылғы байқаудың жеңімпазы болып Сабина Ыдырысова танылды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Биылғы байқау экологияны қорғауға шақыратын «Болашақты аяла» - «Защити будущее» ұранымен ұйымдастырылды. Шараның финалдық кезеңіне кастингтерден және жартылай финалдың нәтижесінде іріктеліп шыққан 25 қыз қатысты. Олардың арасында өңірлік іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары да болды.

Әділқазылар алдымен 25 қатысушының ішінен топ-12 қызды анықтады, осыдан кейін ең үздік 5 қызды анықтады.

Қазылар алқасы ақтық сынға өткен аруларды рет-ретімен  марапаттады. «Көрермен дауысына ие болған ару-2023»атағы Аделлина Балғымбаеваға, «Қазақстан вице-аруы-2023» атағы Ботагөз Нұржігітоваға, «Қазақстан Жер аруы-2023» атағы Аяулым Әлімхалиеваға, «Қазақстан әлем аруы-2023»  атағы Мадина Әлмұхановаға бұйырды.  Ал Сабина Ыдырысова йҚазақстан аруы-2023» атанды. Байқау жеңімпазы «Әлем аруы» атағы үшін бақ сынайды.

​​​​​​​«Қазақстан аруы-2023» жеңімпазына 5 миллион теңге ақшалай сыйлық пен халықаралық деңгейдегі конкурстарға қатысу мүмкіндігінен бөлек, «Тұран» университетінде грантта білім алу құқығы, конкурстың эксклюзивті сыйлығы бьюти-бокс сыйға берілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға