Жаңалықтар

Қазақстан армиясы Орталық Азиядағы көшбасшы позициясын сақтап қалды

Қазақстан армиясы Орталық Азиядағы көшбасшы позициясын сақтап қалды
Фото: El.kz/Артем Чурсинов 11.01.2025 22:02 152

Global Firepower 2025 жылға арналған әскери күштің жаңартылған рейтингін жариялап, онда Қазақстан өз позициясын қайта нығайтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Еліміз 58-орыннан 57-сатыға жоғарылап, Орталық Азияның жетекші әскери күшінің позициясын растады. Бұл прогресс елдің қорғаныс әлеуетінің белсенді дамуын және оның аймақтағы стратегиялық көшбасшылығын көрсетеді.

GFP рейтингіне 145 әлемдік держава кірген. 60 жуық түрлі көрсеткіштер, соның ішінде әскери бөлімдердің саны, қаржы, логистика және географиялық жағдайда ескеріледі. Нәтижесінде негізгі көрсеткіштер бойынша Қазақстан реактивті жүйесінің көлемі бойынша әлемде 17-орынға ие болды (407 бірлік техника бар). Сондай-ақ, әскер артиллериялық күш жағынан 21-орында тұр.

Орталық Азия елдері арасында Қазақстанда алда тұр, 57-орын. Ал Өзбекстан – 58, Түрікменстан — 77, Қырғызстан — 105, Тәжікстан — 108 орынға жайғасқан.

Әдеттегідей рейтингтің көшбасшысы  әскериі бюджеті 800 млрд доллардан асатын АҚШ болды. Ядролық әлеуеті жағынан Ресей сес көрсетіп тұрса, Қытай әскер саны мен теңіз қарулы күштерінің басымдығын көрсетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға