Жаңалықтар

Қазақстан АҚШ-пен импорттық баж салығы бойынша консультация өткізеді

Қазақстан АҚШ-пен импорттық баж салығы бойынша консультация өткізеді
Фото: жасанды интеллект DALL-E-3 17.04.2025 11:30 398

ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова Сенат брифингінде Қазақстан делегациясы импорттық баж салықтары бойынша консультациялар өткізу үшін Америка Құрама Штаттарына баратынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Барлық ел мұндай консультацияларға мүдделі. Біз де соның қатарындамыз. Қазіргі уақытта бұл мәселе Үкіметте жан-жақты қарастырылып жатыр, кеңестерге дайындық жүруде, – деді ол.

Кездесулер АҚШ аумағында өтеді, алайда нақты мерзімі әзірге белгісіз.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тың президенті Дональд Трамп Қытайға қатысты импорттық тарифтерді 245 пайызға дейін көтеретіні жөнінде мәлімдеген еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға