Жаңалықтар

Қазақстан Alpitour туристік холдингінің каталогына енді

Қазақстан Alpitour туристік холдингінің каталогына енді
Фото: © El.kz 19.01.2024 09:00 673

Қазақстан Alpitour итальяндық ірі туристік холдингінің каталогына енді. Бұл оқиғаның Мемлекет басшысының Италияға ресми сапарымен тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл Қазақстанның мәдени және табиғи әралуандылығын халықаралық деңгейде көрсетудегі маңызды қадам. Бұл үдеріске «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ, Alpitour, Neos және ACIK қауымдастығы белсенді түрде қатысты.

Қазақстанның Alpitour каталогына енуі еліміздің мәдениет пен шытырман оқиғалы әуесқойлар үшін туристік бағыт ретінде өсіп келе жатқан танымалдылығын көрсетеді.

Alpitour тобына Италияның жетекші туроператорларының кең тараған желісі (2500-ден астам туристік агенттіктер), Voi Hotels қонақ үйлер желісі және Neos авиакомпаниясы кіреді. Аталған топтың жылдық айналымы 2 миллиард еуродан асады. Alpitour Group құрылымында туроператорлық қызмет маңызды рөл атқарады. 2019 жылы, пандемияға дейін 2,4 млрд еуроға жуық жалпы айналымның 58%, авиациялық қызметтер – 20%, келу туризмі – 18%, қонақ үй менеджменті – 5% болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға