Жаңалықтар

Қазақстан алғаш рет пара үстел теннисінен Паралимпиада ойындарына лицензия алды

Қазақстан алғаш рет пара үстел теннисінен Паралимпиада ойындарына лицензия алды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 13.06.2024 22:10 237

Пара үстел теннисінен Али Махулбеков XVII жазғы Паралимпиада ойындарына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Али Махулбеков – пара үстел теннисінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы.

Бұл осымен Паралимпиада ойындарына еліміздің 13-ші лицензиясы. Бұған дейін, пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев, пара жеңіл атлетикадан Дастан Мұқашбеков, волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама, пара оқ атудан Еркін Ғаббасов, пара жүзуден үш жолдама, пара таеквондодан Нұрлан Домбаев, Камиля Досмалова, Нышан Өмірәлі және пара каноэдан Спатай Бибарыс пен Жаныл Балтабаева алған болатын.

Айта кетсек, XVII жазғы Паралимпиада ойындары тамыздың 28-і мен қыркүйектің 8-і аралығында Парижде өтеді. Жарыс спорттың 23 түрінен ұйымдастырылады. Лицензиялық жарыстар әлі жалғасуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға