Жаңалықтар

Қазақстан 2027 жылы тағы үш жаңа спутник ұшырады

Қазақстан 2027 жылы тағы үш жаңа спутник ұшырады
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ 11.04.2025 12:50 1397

«Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ Қазақстанның ғарыш саласының дамуына 20 жыл бойы елеулі үлес қосып келеді. Осы уақыт ішінде компания жерді қашықтықтан зондтаудың үш спутниктік жүйесін басқарып, ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінде спутниктерді әзірлеу жұмыстарын жүзеге асыруда. Ғарышкерлер күні қарсаңында БАҚ өкілдері үшін арнайы баспасөз туры ұйымдастырылды, El.kz тілшісі аталмыш орталықта болып, ғарыш аппараттарын құрастыру және сынау кешені жұмысымен танысып қайтты.

Соңғы жиырма жылдың ішінде компания KazEOSat-1, KazEOSat-2 және KazSTSat секілді жер серіктерін орбитаға сәтті орналастырып, еліміздің тәуелсіз ғарыштық әлеуетін едәуір нығайтты. Қазақстанда ғарыш аппараттарын құрастыру және сынақтан өткізуге арналған кешеннің іске қосылуы отандық инженерлер мен мамандарға жер серіктерін өз бетімен жобалап, жинақтап, сынауға мүмкіндік берді. Қазіргі таңда ғарыштық технологиялар қоршаған ортаны қорғау, ауыл шаруашылығын тиімді басқару және төтенше жағдайларға әрекет ету бағыттарында нәтижелі қолданылып келеді.

Қазақстан 2027 жылы тағы үш жаңа спутник ұшырады

Қазақстан 2027 жылы тағы үш жаңа спутник ұшырады

El.kz/Арман МҰХАТОВ

Сонымен қатар Қазақстанның бұл саладағы мүмкіндіктері халықаралық деңгейде де оң бағасын алуда. Моңғолия мен Конго республикасымен жерді қашықтықтан зондтау бағытында серіктестік орнап, отандық ғарыш технологиялары шетел нарығына шықты.

Қазақстан 2027 жылы тағы үш жаңа спутник ұшырады

El.kz/Арман МҰХАТОВ

Қазіргі таңда екі елдің спутниктік өндірісі басталған жоқ. Келісімшарттар жасалған, бірақ алғашқы кездесу мен бастау шаралары мамыр айында өтеді деп жоспарлануда. Конго республикасының конгресс спутнигі бойынша жобаны бастауға дайындық жасап жатырмыз. Моңғолия спутнигі бойынша жоба да жоспарланған болатын, бірақ тапсырыс берушінің бастамасымен ол жобаның басталуы кейінге қалдырылды. Бұл жоба технологиялық тұрғыдан жеңілірек болғандықтан, оны іске асыруда кідіріс болмайды, – дейді «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Қайыржан Қожаев.

Әр жобаның құны тапсырыс берушіге байланысты өзгеріп отырады, себебі әрбір клиентке жеке көзқарас және қызмет пакеті ұсынылады. Сондықтан осы жобалардың нақты құны туралы ақпарат коммерциялық құпия екенін тілге тиек етті.

Қазақстан 2027 жылы тағы үш жаңа спутник ұшырады

El.kz/Арман МҰХАТОВ

Бұдан өзге ол 2027 жылы үш жаңа спутник ұшырылатынын, ал 2028 жылы айыру қабілеті жоғары ғарыш аппараттары жасалынатынын айтты.

Алдағы уақытта компания халықаралық ынтымақтастықты кеңейтіп, заманауи технологияларды дамыту арқылы еліміздің ғарыш саласының дамуына белсенді түрде үлес қоса бермек.

Десе де, Қазақстан ғарыш саласында үлкен жетістіктерге жетуге ұмтылып жатқанымен, қаржыландыру, даму және прогресс тұрғысынан әлі де кейбір артта қалушылықтар бар көрінеді. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов мәлім етті.

Қазақстан 2027 жылы тағы үш жаңа спутник ұшырады

El.kz/Арман МҰХАТОВ

Қазіргі таңда негізгі ғарыш жобалары қаржыландырылады, бірақ біз тек мемлекеттік қаржыландыруға ғана сүйенбеуіміз керек. Ғарыш саласы – капиталды қажет ететін сала, сондықтан біз сыртқы нарыққа да бағытталған жобаларды дамытуға тырысамыз. Бүгінгі күні ғарыш жобаларының бюджетін мемлекет қолдайды, бірақ қосымша инвестициялар қажет. Жаңа жобалар мен спутниктерді әзірлеу үшін қаржылық жоспарлау мен сараптамалар жүргізілуде, – деді комитет төрағасы Баубек Оралмағамбетов.

 Ұлттық ғарыш орталығының ғарыш аппараттарын құрастыру және сынақтан өткізу кешенінде «Ghalam» компаниясының үш техникалық бөлімі бар.

 

Конструкторлық бюро бөлімінде ғарыш аппараттарын жоспарлау және жобалау жұмыстары жүргізіледі.

Қазақстан 2027 жылы тағы үш жаңа спутник ұшырады

El.kz/Арман МҰХАТОВ

Өндіріс бөлімінде ғарыш аппараттарының металлдық платформасы, кабель жүйесі, электроника бөлімдері жасалады.

Қазақстан 2027 жылы тағы үш жаңа спутник ұшырады

Қазақстан 2027 жылы тағы үш жаңа спутник ұшырады

El.kz/Арман МҰХАТОВ

Ғарыш аппараттарын құрастыру және сынақтан өткізу кешенінде ғарыш аппараттары құрастырылады және түрлі сынақтардан өтеді.

Қазақстан 2027 жылы тағы үш жаңа спутник ұшырады

Қазақстан 2027 жылы тағы үш жаңа спутник ұшырады

El.kz/Арман МҰХАТОВ

Біз тек дайын өнімді ұсынбаймыз, ғарыш аппаратын жобалаудан бастап, оны құрастыру, сынақтан өткізу, және ғарыш айлағына ұшыруға дейінгі барлық процесті атқарамыз. Әріқарай, ғарыш аппараты сынақтан өтіп, қолдануға дайын болған соң, оны тұтынушыларға жеткіземіз, – дейді «Ghalam» ЖШС бас директоры Бауыржан Алматов.

Бауыржан Алматовтың айтуынша, энергиямен қамтамасыз ету жүйелері және басқа да бөліктердің барлығы инженерлер тарапынан осы жерде жобаланады. Яғни, бұл орталықта толыққанды механикалық құрылымдарды жобалау процесі жолға қойылған. Барлық жобалау, өндіру және сынақтан өткізу жұмыстары осы жерде жүргізіледі.

Қазақстан 2027 жылы тағы үш жаңа спутник ұшырады

Қазақстан 2027 жылы тағы үш жаңа спутник ұшырады

El.kz/Арман МҰХАТОВ

Қазақстан 2027 жылы тағы үш жаңа спутник ұшырады

El.kz/Арман МҰХАТОВ

Қазір біз металл өңдеу цехында тұрмыз, мұнда жобалау сатысынан өткен барлық өнімдер өндіріліп шығарылады. Яғни, екінші техникалық бөліміміздің механикалық учаскесінде ғарыш аппараттарының механикалық құрылымдарына арналған металл өнімдері дайындалады. Цехта төрт токарлы-фрезерлі станок бар, олардың дәлдігі алты микронды құрайды. Осы станоктарда барлық техникалық металл өнімдері өңделіп, әзірленеді, – дейді Бауыржан Алматов.

Орталық мамандары әртүрлі металл түрлерімен жұмыс істей отырып, ғарыш аппараттарының механикалық құрылымдарына қажетті өнімдерді жасайды. Мысалы, ғарыш аппаратының пайдалы жүктемесінің бір бөлігі болып табылатын металлдар мен құрылым элементтері осы жерде өңделеді. Сондай-ақ, ғарыш аппараттарына арналған титан мен алюминийден жасалған бөліктер де осы өндірісте дайындалады.

Қазақстан 2027 жылы тағы үш жаңа спутник ұшырады

Қазақстан 2027 жылы тағы үш жаңа спутник ұшырады

Қазақстан 2027 жылы тағы үш жаңа спутник ұшырады

El.kz/Арман МҰХАТОВ

Инженер конструктор Әлихан Қапар ғарыш орталығында жұмыс істейді. Ол спутникке арналған борттық компьютерлердің жұмысын реттеп, оған қажетті компоненттерді конфигурациялаумен айналысады және путниктің жұмыс істеуіне қажетті аппараттық және бағдарламалық құралдарды әзірлейді. Осы жұмысты бір жылдан бері атқарып келеді.

Бұл жүйелер спутникке қажетті деректерді өңдеуге және жерге жіберуге мүмкіндік береді. Әлихан оларды өзара үйлестіріп, нақты уақыт режимінде жұмыс істейтін сигналдарды өңдеуге арналған жүйені құрумен айналысады.

Қазақстан 2027 жылы тағы үш жаңа спутник ұшырады

Қазақстан 2027 жылы тағы үш жаңа спутник ұшырады

Қазақстан 2027 жылы тағы үш жаңа спутник ұшырады

El.kz/Арман МҰХАТОВ

Жұмыстың басты мақсаты – спутникте жұмыс істейтін борттық компьютерді жасау. Әлихан осы компьютердің ішкі конфигурациясын жасап, оны жүйеге интеграциялайды. Дайын болған соң, бұл компьютер спутникке орнатылады.

Жобаның соңғы нәтижесі — спутникте орнатылатын борттық компьютер. Мен осы компьютерге конфигурация жасап, оны жүйеге бейімдеймін. Бұл компьютер спутниктің «миы» десек болады. Ол барлық ішкі жүйелерді басқарады. Деректерді өңдейді және жерге радиоқабылдағыш арқылы жібереді немесе жерден келген командаларды қабылдап, тиісті ішкі жүйелерге бағыттайды. Яғни, спутниктің толық жұмыс процесіне жауап береді, – дейді Әлихан Қапар.

Қазақстан 2027 жылы тағы үш жаңа спутник ұшырады

Қазақстан 2027 жылы тағы үш жаңа спутник ұшырады

Қазақстан 2027 жылы тағы үш жаңа спутник ұшырады

Қазақстан 2027 жылы тағы үш жаңа спутник ұшырады

Қазақстан 2027 жылы тағы үш жаңа спутник ұшырады

El.kz/Арман МҰХАТОВ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға