Жаңалықтар

Қазақстан 2025 жылы өтетін ЕХРО көрмесіне қатысады

Қазақстан 2025 жылы өтетін ЕХРО көрмесіне қатысады
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 18.07.2023 02:27 1118

«QazExpoCongress» ҰК» АҚ басшылығының EXPO 2025 Osaka ұйымдастыру комитетінің өкілдерімен жұмыс бабындағы кездесуі аясында Қазақстанның көрмеге қатысу шартына қол қойылды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан тарапынан шартқа Ұлттық секцияның бас комиссары Дәулет Еркімбаев, Жапония тарапынан қауымдастықтың Бас хатшысы Hiroyuki Ishige, EXPO 2025 Osaka Дүниежүзілік көрмесінің Бас комиссары Koji Haneda қол қойды.

Жапонияда өтетін EXPO 2025 көрмесіне дайындықты бастап кеттік. Барлық ұйымдастырушылық сұрақтар мен «Өмірлерді құтқару» тақырыптық кластерінде орналасатын павильонымызды толық пысықтаудамыз. Көрменің басталуына екі жыл бар, бірақ іс жүзінде аз уақыт қалды. Көрме 2025 жылдың 13 сәуірінде ашылып, 13 қазанында аяқталады. Ұйымдастырушылардың болжамы бойынша, көрмеге әлемнің 150 елінен 28 миллионнан астам адам келуі тиіс, сондай-ақ 25 халықаралық ұйым өкілдерінің қатысуы болжанады, – деп атап өтті Д. Еркімбаев.

Естеріңізге сала кетейік, EXPO 2025 өтетін орын Осакадағы Юмешима жасанды аралы болып белгіленді. «Біздің өміріміз үшін болашақ қоғамын құру» көрмесінің тақырыбы үш тақырыпшадан тұрады: «Өмірлерді құтқару», «Құқық мен мүмкіндіктерді кеңейту» және «Өмірлерді біріктіру». Көрменің жалпы ауданы шамамен 155 га құрайды. Қазақстан павильоны Италия, Нидерланд, Сингапур және Болгария павильондарымен көршілес орналасатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға