«Қазақмыс» кенішінде жұмысшы қайтыс болды
Фото: kazakhmys.kz
Фото: kazakhmys.kz
27.12.2023 09:00
1268
Қайғылы оқиға 26 желтоқсан күні кешке Ұлытау облысының «Жыланды» кен орнында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Шығыс Сарыоба» кенішінің бірінде жер астындағы өндіріс жұмыстары жүріп жатқан жерге бара жатқан көлік байқаусызда 1992 жылы туған машинисті басып кеткен. Жұмысшы алған жарақатынан қайтыс болды.
Арнайы комиссия оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағандыда 137 заңсыз полигон жойылды