Жаңалықтар

«Қазақмыс» Балқаштың тұрақты экожүйесін сақтауға 5 млн доллар бөледі

«Қазақмыс» Балқаштың тұрақты экожүйесін сақтауға 5 млн доллар бөледі
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі 16.11.2024 22:17 602

Qazaqstan ұлттық павильонында БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы (COP29) тараптарының 29-шы конференциясында «Балқаш көлінің су ресурстарын басқару: Халықаралық ынтымақтастық, зерттеулер және қаржыландыру» атты тақырыптық іс-шара өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС ұйымдастырды.

Шараны кіріспе сөзбен экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев, Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің төрағасы А. Жақанбаев, Орталық Азиядағы климаттың өзгеруі және орнықты даму саласындағы қызметтер жөніндегі EО өңірлік директоры Виктор Коваленко сөз сөйледі.

«Қазақмыс» корпорациясы бар өңірлерде қоршаған ортаны қорғау үшін жауапкершілікті түсінеді және олардың орнықты дамуы бойынша міндеттемелерді өзіне алады. ESG қағидаттарына сүйене отырып, компания экологиялық бастамаларды белсенді қолдайды және, атап айтқанда, Балқаш көлінің экожүйесін сақтауға ерекше назар аударады. Бұл туралы корпорацияның Басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев өз сөзінде айтты.

Сессиясының негізгі мақсатының бірі «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Балқаш-Алакөл бассейнін сақтауға бағытталған Балқаш көлінің зерттеу жұмысына қаржы ресурстарын бөлу туралы өтініші болады.

Экологиялық сын-қатерлерге жауап ретінде Қазақмыс Балқаш көлінің экожүйесін сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған бірқатар бастамаларды іске қосты. Бұл бастамаларға суды басқарудың инновациялық әдістерін қолдану, өнеркәсіптік суды тұтынуды азайту, суды қайта пайдалануды кеңейту, экожүйенің күйін бақылау технологияларын енгізу кіреді, - делінген мәліметте.

Корпорация көлді сақтауға бағытталған жобаларды қаржыландыруға 5 миллион доллар бөлу туралы жариялап, диалогтан әрекетке көшуге дайын.

Қазақмыс бөлген қаражат көлдің экожүйесін зерттеуге, су ресурстарын тұрақты басқаруға, судың биоалуантүрлілігі мен сапасына мониторинг жүргізуге, сондай-ақ жұртшылықты ағартуға және хабардар етуге бағытталатын болады.

Бұл жобаларды алдағы 5-10 жыл ішінде іске асыру Балқаш көлінің экожүйесінің жай-күйін жақсартуға, антропогендік әсерді азайтуға, жергілікті тұрғындар мен бизнестің экологиялық жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ Балқаш-Алакөл бассейнінің табиғи ресурстарын тұрақты басқарудың тиімді моделін әзірлеуге көмектеседі деп жоспарлануда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға