Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы ғимаратынан өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, тілсіз жау бүгін орын алған.
28 мамыр күні сағат 12.22-де Бостандық ауданы, әл-Фараби даңғылы, 176 мекенжайындағы «Қазақфильм» АҚ-да декорациялар дайындайтын ағаш цехінде жұмыс үстелдері, құрал-саймандар мен терезе жақтаулары жанып кетті. От шарпыған аумақ - шамамен 10 шаршы метр. Жалынның таралуы 12.40-та оқшауландырылып, 12.42-де толығымен ауыздықталды, - делінген ТЖД хабарламасында.
Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде 38 градусқа дейін күн ысиды