Жаңалықтар

Қазақ журналисі алаяқтардың құрбаны болды

Қазақ журналисі алаяқтардың құрбаны болды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/LeonardoAI 20.02.2024 12:25 1431

Журналист Назерке Сұлтанбек алаяқтардың құрбаны болды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ол көлігін Алматыдан Астанаға автовозбен жеткізбек болған. Сенімінен шыққан алаяқтар көлігін 5 ақпанда елордаға апарамыз деп уәде еткен. Кейін «Қарағандыда бұзылып тұрмыз» деп бір хабарын берген, одан кейін телефондары сөндірулі. Сол уақыттары «көлігіңді ұрладық, есепшотыма екі миллон ақша аударсаң, темір тұлпардың қайда тұрғанын айтамыз» деп бәзбіреулер қоңырау шалған. Полицияға жүгінудің қажеті жоғын да ескертіпті, себебі олардан ешқандай көмек болмайды-мыс.

Қапыда көлігінен айырылған Назерке Сұлтанбек Алматы қаласы Наурызбай ауданы полиция басқармасына екі рет шағым түсіргенмен, әлі күнге дейін еш жауап болмаған.

Кез келген автомобильді ұрлай беретінін түсіндім. Менікі қымбат көлік емес, іші толған киім-кешек, ыдыс еді. Жақында ғана белгілі блогердің де көлігі жоғалып кетіпті, - дейді зардап шегуші журанлист.

Ол әлі де полициядан үміт үзбегенін айтады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға