Жаңалықтар

"Қазақ жері қытайларға жалға берілмейді" - Жер комитеті мәселеге қатысты жауап берді

"Қазақ жері қытайларға жалға берілмейді" - Жер комитеті мәселеге қатысты жауап берді
21.05.2023 15:55 1031

Қытайдағы жер жалдау сайтында қазақ жері сатылып жатқаны туралы әлеуметтік желіде алыпқашпа ақпарат тарады, деп хабарлайды  Еl.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы желі белсендісі, Қытайда білім алған Ерлан Мазан есімді қолданушы жазба жариядады. 

Ойда жоқта Қытайдағы жер жалдау сайтына тап болып, таң қалдым.  Әлгі Жер кодексі арқылы шетелдіктерге жалға берілмейтін болып шешілген ауылшаруашылық мақсатындағы қазақтың жері сол жерде арзан бағамен ашық саудаға салынып жатыр. Бұл енді барып тұрған бассыздық», - деп жазды Ерлан Мазан.

Жазбаға пікір жазғандардың барлығы мәселеге алаңдаушылық білдірген. Ал автор атаған деректерді Қытайдың 土流网 сайтынан алынғанын атаған.

Бқған қатысты ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов әлеуметтік желіде кеңінен таралған қазақстандық жерлердің сатылуы туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын алға тартты. 

«Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 24-бабының талаптарына сәйкес, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары, халықаралық ұйымдар, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтар, сондай-ақ қандастар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншік немесе жер пайдалану құқығымен иелене алмайды, яғни ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн шетелдіктерге беруге қатаң тыйым салынған. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некеде тұрған (ерлі-зайыпты) Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншікке және жер пайдалану құқығымен беруге жол берілмейді.
Әлеуметтік желіде жарияланған Қытай елінің сайтындағы Қазақстан аумағындағы жерлердің сатылатындығы туралы ақпарат жалған екендігін мәлімдейміз», – деп жазды ол өзінің Facebook-тегі жеке парақшасында.

Қазір Қазақстан мен Қытай өзара визасыз режим келісімге қол қойылған. Соған сәйкес, екі ел азаматтар 30 күн емін-еркін жүре алатын болды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға