Жаңалықтар

"Қазақ жастары ресейлік телеарналарды көреді". Депутат Геннадий Шиповских жастарды мәжбүрлемейтінін жеткізді

"Қазақ жастары ресейлік телеарналарды көреді". Депутат Геннадий Шиповских жастарды мәжбүрлемейтінін жеткізді
Фото: Видеодан кадр 09.10.2023 12:30 1376

Сенат депутаты Геннадий Шиповских Jaqsy Bolady подкастында қазақ жастарының ресейлік арналардан жаңалық көретініне қатысты ойын білдірді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Соңғы кезде жастар арасында ресейлік жаңалықтарды тұтыну тенденциясы белең алған. Бұл мәселеге қатысты Сенат депутаты не ойлайтынын айтып берді.

Тиктокта қазір көшеде жастарға сұрақ қою трендке айналды. Сондай сұрақтардың бірімен жастарға жүгінеді. Өзіңіз Сенаттағы жас депутаттардың бірісіз, жастардың не ойлайтынын жақсы білесіз. «Сіз қандай ТВ канал қарайсыз? Жаңалықтарды қай жерден көресіз?» деп сұрады, сол кезде жастар «Россия 1», «Россия 24», «СТС», «ТНТ» деп жауап береді. Бірең-сараңы пабликтерден қарайтынын айтады. Солтүстіктегі жастардың ақпаратты солтүстіктен алғаны неге апаруы мүмкін? Біз бұған қалай төтеп бере аламыз, - деп сұрады подкаст жүргізушісі Болат Бұхарбай депутаттан.

Депутат жастарға қай жерден жаңалық көру керегін айтып, мәжбүрлей алмайтынын атап өтті.

Бұл - өте қызықты әрі маңызды сұрақ. Бірақ жауап беру үшін біздің Конституциямызға жүгінгім келеді. Егер де сіз біздің Конституциямызды оқысаңыз, «Әр адамның жеке құқығы бар, таңдау құқығы бар», деп жазылған. Біз бір азаматтарға «Сз ТНТ қараңыз, ТНТ қарамаңыз, НТВ қараңыз болмаса Netflix қараңыз, HBO қараңыз, Nickelodeon емес, "Карусельді" қараңыз» деп айта алмаймыз ғой.. Оның барлығы не үшін көреді? Сіз өзіңіз подкаст жүргізіп жатырсыз. Жазылушылары сізден аз немесе көп каналдар бар. Оның қаралымының көп болуы контентке байланысты. Сондықтан да бірінші істейтін жұымысымыз – сапалы контент жасау. Сапалы контент неғұрлым қызықты болса, тек оңтүстік пен Батыс Қазақстанды қызықтыратын контент емес, жалпы Қазақстандағы барлық облыстардың ерекшелігін сараптай отырып, біріктіретіндей контент болса, жасауға болады, - деп жауап берді Геннадий Шиповских.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға