Қазақ ұлттық консерваториясының мерейтойына арналған ауқымды марафон ұйымдастырылды
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы – қазақ музыка өнерінің қара шаңырағы, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
80 жылдық тарихында консерватория ұлттық және әлемдік музыка өнеріне өлшеусіз үлес қосқан дарынды музыканттар, композиторлар мен педагогтардың ордасына айналды.
Бұл деректі фильмде консерваторияның қалыптасу жолы, оның танымал түлектері, дәстүрлері мен музыка өнерін дамытудағы рөлі баяндалады.
80 жыл ішінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы көптеген танымал музыканттарды тәрбиеледі.
Олардың қатарында Бибігүл Төлегенова, Әлібек Дінішев, Алан Бүрібаев, Абзал Мұхитдинов, Нұржамал Үсенбаева, Медет Чотабаев және Александр Зацепин сияқты атақты түлектер бар.
Консерваторияның 80 жылдық мерейтойына орай 30-дан астам іс-шараны қамтыған ауқымды марафон ұйымдастырылды. 3 желтоқсан күні Республика Сарайында мерекелік гала-концерт өтті. Ал 20 желтоқсанда Е. Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында мерейтойлық салтанатты шараның гранд-финалы болады.