Қазақ тілінің "Тілге бойлау" бірегей жобасы жүріп жатыр

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының VIII құрылтайына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өз сөзінде ол мемлекет тарапынан қазақ тілін оқыту сапасын арттыру және мектептерде қолайлы тілдік орта қалыптастыру мақсатында жасалып жатқан шараларға тоқталды.
Өткен жылдан бастап мектепке дейінгі ұйымдарда балаларға ерте жастан мемлекеттік тілді үйретуге бағытталған «Тілге бойлау» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Министр атап өткендей, бұл инновациялық тәсіл халықаралық тәжірибеге негізделген, балаларға тілді тезірек меңгеруге көмектесіп қана қоймай, олардың оқуға деген ұмтылысын, шығармашылық дамуын ынталандырады. Қазіргі уақытта жоба еліміздің бес өңірінде сәтті жүргізілуде.
«Тілге бойлау» жобасы аясында оқулар күн сайын ұйымдастырылады және әртүрлі әдіс-тәсілдерді қамтиды. Әдістің негізгі ерекшеліктерінің бірі - балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталуы. Ол шектемейді, керісінше, әр баланың қабілеттерін ашады, бұл сөйлеуі мен ауызша-логикалық ойлауына оң әсер етеді. Жоба ата-аналардың сұраныстарын ескере отырып жасалды. Ол осы жылдан бастап мектеп жүйесіне кезең-кезеңімен енгізіле бастайды», — деді оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.
Білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқыту сапасына ерекше көңіл бөлінеді. 2024 жылы 5,5 мыңға жуық қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Алғаш рет 5-8 және 10 сынып оқушылары үшін қазақ тілінен емтихан тапсыру енгізілді, ол оқу бағдарламасын тереңірек меңгеруге және бекітуге бағытталған.
