Жаңалықтар

Қазақ спортшысы алғаш рет пара биатлоннан әлем чемпионы атанды

Қазақ спортшысы алғаш рет пара биатлоннан әлем чемпионы атанды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 09.02.2025 17:42 336

Осыдан үш күн бұрын пара биатлоннан 7,5 шақырымдық спринтте қола медаль еншілеген Ербол Хамитов тарихи алтынға қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол 12,5 шақырымдық қашықтықта қарсыластарын қапы қалдырып, чемпион атанды. Уақыт көрсеткіші - 35:29.01.Екінші орынды канадалық Дерек Заплатонский (35:36:3) еншілесе, ал үшінші орынды  американдық Аарон Пайк (35:37:8) алды.

Айта кетейік, әлем чемпионаты Словакияның Поклюка қаласында өтіп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға