Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі

Туризм және спорт министрлігі қазақстандық спортшылардың өткен аптадағы жетістіктері туралы жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дзюдо: Аустрияның Линц қаласында мәресіне жеткен әлемдік Гран-при кезеңінде Абиба Әбужақынова (48 кг) топ жарды. Ол финалда 19 жастағы жапон дзюдошысы Сачио Йошиноны жеңді.
Пара шаңғы: Норвегияның Тронхейм қаласында өткен тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасындағы әлем чемпионатында Ербол Хамитов қола жүлдегер атанды.
Шахмат: Отандық гроссмейстер Қазыбек Нөгербек Францияның Канн қаласында өткен Festival International des Jeux 2025 халықаралық шахмат турнирінде қола жүлдегер атанды.
Спорттық гимнастика: Әзербайжан астанасы Бакудегі Әлем кубогі кезеңінде Дмитрий Патанин мен Милад Карими күміс жүлдеге қол жеткізсе, Зейнолла Ыдырысов қола медаль еншіледі.
Слаломды ескек есу: Таиландтың Паттайя қаласындағы THAILAND OPEN халықаралық рейтингтік турнирінде біздің спортшылар бір алтын, екі қола жүлдеге ие болды.
Футзал: Қазақстан құрамасы Еуро-2026 іріктеу турниріндегі кезекті ойынында Албанияны 4:2 есебімен жеңді.
