Жаңалықтар

Қазақ шабандоздары Ресейдегі жарыста топ жарды

Қазақ шабандоздары Ресейдегі жарыста топ жарды
Фото: жеке мұрағат 21.04.2025 17:45 131

16–20 сәуір аралығында Ресейдің Челябинск қаласындағы «Рифей» олимпиадалық резерв спорт мектебінде конкур (атпен кедергіден өту) спортынан облыстық жарыстар өтті. Бұл додаға Қазақстан құрамасы арнайы қатысып, өз бақтарын сынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Екі күнге жалғасқан сайыс барысында спортшылар бірнеше санат бойынша өнер көрсетті:

  • балалар
  • жасөспірімдер
  • ересектер
  • жас тұлпарлар (жас жылқылармен жарыс)

12–14 жас аралығындағы "Балалар" санаты үшін бұл шетелдегі алғашқы жарыс болды. Соған қарамастан, жас шабандоздар жоғары дайындықтарын көрсетіп, жарыс талаптарын сәтті орындап шықты.

Жарыс нәтижесі бойынша:

12 – бірінші орын
10 – екінші орын
11 – үшінші орын

Бұл жетістік балалар арасында ат спортының қарқынды дамып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді. Ерте жастан халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысу техникалық шеберлікті арттырады, сенімділік пен тәртіп қалыптастырады, сондай-ақ жауапкершілік сезімін оятады.

Бүгінде Қазақстанда ат спортының болашағы зор. Жыл сайын бұл спорт түріне қызығатын жастардың саны артып келеді. Аймақтардағы ат спорты мектептері мен клубтарының белсенді жұмысы еліміздің намысын халықаралық ареналарда қорғайтын жаңа буын спортшыларды тәрбиелеуге үлкен мүмкіндік беріп отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға