Қазақ қызы UFC сапына қосылуы мүмкін
![Қазақ қызы UFC сапына қосылуы мүмкін Қазақ қызы UFC сапына қосылуы мүмкін](/storage/storage/element/2025/01/12/mainphoto/137590/1200xauto_Dq7LoH2kogGI6XmbZRTPa55rM3ovdq4vvJvwTht4.png)
Фото: instagram.com/nuraddins
Фото: instagram.com/nuraddins
13.01.2025 05:21
611
Аян Тұрсынның (7-0) менеджері Нұраддин Садықов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында OCTAGON чемпионын UFC сапына қосқысы келетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлемнің ең үздік лигасы - UFC-ге жорықты қайта жандандырамыз. Ендігі жорықтың жолы басқаша болады. Бұйыртса, қоян-қолтық, жақын арадағы ұрысқа өтеміз. Артиллериямен атқылаудың эффектісі аз екенін байқадық. Егер сол стратегиямыз дұрыс болса, бірқатар спортшымызды кіргізуге тырысамыз. Аян Тұрсыннан бастап, жас проспектілер қостаған үлкен тізім тұр қолда, - деп жазды Садықов.
2024 жылы Садықов ісін жүргізетін екі қазақстандық спортшы - Азат Мақсұм мен Бекзат Алмахан UFC-ге қосылды.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
13 қаңтарда ауа райы қандай болады