Жаңалықтар

Қазақ қызы Францияның атақты компаниясынан шақырту алды

Қазақ қызы Францияның атақты компаниясынан шақырту алды
Фото: El.kz 06.04.2023 18:40 1259

Қазақ қызы, дизайнер Айнұр Полатова әлемдік бренд Luis Vuitton-нан шақырту алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айнұр қазіргі таңда Еуразия ұлттық университетінің студенті. Ұлттық нақыштағы сөмкелер мен TALAPAI авторлық жобасының жетекшісі. Бүгінде оның жасаған қолөнеріне қызығушылық танытып отырғандар көп. Солардың бірі әлемдік Luis Vuitton бренді. 
TALAPAI жобасында 5 ойын түрі бар. Олар Бестемше, Шалма, Тоғызқұмалақ, Бестас және Құмар деп аталады. Ойынның барлығы екі адам ойнауға арналған және ұлттық нақышта көркемделіп, безендірілген. 

Қазақ қызы Францияның атақты компаниясынан шақырту алды

Елімізде менің авторлық жоба ма және қолөнер бұйымдарыма қызығушылық танытып жатқандар бар. Менің жасаған авторлық ойындарыма спорт саласынан қызығушылық танытып, ұсыныс білдіріп жатқан мамандар болды. Дәл солай сән саласынан да қызығушылық барын байқадым. Өзім осындан бірнеше ай бұрын  Luis Vuitton-ға хат жолдап, жұмысымды таныстырдым. Екі апта ішінде хатыма жауап беріп, мені шақырды. Мен әрине, ол шақыртуды қабыл алдым, - деді жас дизайнер.

Қазақ қызы Францияның атақты компаниясынан шақырту алды

Айнұр жақында Францияға барып брендтің өкілдерімен келіссөз жүргізетінін айтты. 

Айнұр киіз үйдің нақышына келтірілген сөмкелердің дизайнын жасап, өзі тігеді. Ал оның бағасын алдағы уақытта брендпен келіссөз жүргізілгеннен кейін нақтыланатынын түсіндірді. 

Ұлттық нақыштағы ойындардың жаңа түрінің авторы ретінде ол ойын құралдарының дизайнын өзі жасайды, өзі сызады. Арнайы цехтармен бірлесе отырып, бүгінде 200-ден астам ойын құралын қара ағаштан жасаған және ондағы тастарды өзі киіз бен қыштан арнайылап жасайды. 

Қазақ қызы Францияның атақты компаниясынан шақырту алды

Luis Vuitton брендін таңдауымның бірден бір себебі Швецарияда брендің киіз үй дизайнындағы дүкені ашылған болатын. Менің қолөнерімде киіз үй дизайнына сәйкестеліп жасалады. Дәл осы себеппен мен осы брендті таңдап отырмын. Бұл мен үшін ғана емес Қазақстанның ұлттық нақышы әлемдік сән аренасында көрінетініне және сәнге айналатынан үлкен мүмкіндік. Сондықтан бұл мүмкіндікті пайдалану керек деп шештім. Егер брендпен келіссөз жасалмай қалатын жағдай болса да, мен еш нәрсеге өкінбеймін. Себебі, осындай шақырту алудың өзі мен үшін үлкен құрмет, - деді Айнұр Полатова. 

Қазақ қызы Францияның атақты компаниясынан шақырту алды

Айнұр ұлттық ойындарымызды жаңа леппен жаңғырту мақсатым болды және жастар да, ересектер де ойнауға болатынын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға