Қазақ-өзбек шекарасында 4.9 балдық жер сілкінісі тіркелді
Алматыдан 683 км қашықтықта жер сілкінді
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz
05.11.2022 10:00
2209
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі 5 қараша күні таңғы сағат 6-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 683 шақырым жерде, Өзбекстан мен Қазақстан шекарасында орналасқан. Энергетикалық санаты – 10.3. MPV тербелісі – 4,9. Тереңдігі – 15 км.
Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
5 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Келесі жаңалық
Суицид: Статистика не дейді? Жағдай түзелді ме?