Жаңалықтар

«Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС бұрынғы директоры сотталды

«Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС бұрынғы директоры сотталды
Фото: ©El.kz/Мария Рузматова 14.04.2025 11:01 368

Маңғыстау облысы Жаңаөзен ауданының соты «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС бұрынғы директоры Б.А. Байшуақовқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Антикор мәліметінше, Байшуақов кәсіпорынның сеніп тапсырылған мүлкін аукцион өткізбестен заңсыз сату және түскен қаражатты иемдену арқылы ірі мөлшерде жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды және өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға