Жаңалықтар

Қазақ футболшысы шетелдік бес клубтың назарына ілікті

Қазақ футболшысы шетелдік бес клубтың назарына ілікті
Фото: instagram.com/kff_team 14.08.2023 19:35 1199

Санкт-Петербургтің «Зенит» клубының қорғаушысы Нұралы Әліп бірден екі түрік клубының назарын аударды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы Sports Digitale өзінің Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

Дереккөздің мәліметінше, Әліпке «Трабзонспор» және «Башакшехир» клубтары қызығушылық танытып отыр. Екі клуб та қазақ футболшысын сатып алу жолдарын қарастырып жатыр.

Оқи отырыңыз:

Бұған дейін «Зенит» Әліп үшін шамамен 5 миллион еуро алғысы келетіні айтылған.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жазғы маусымда Әліпке бес түрік клубы қызығушылық танытқан. Бұған қазақ футболшыларының енді жергілікті чемпионатта легионер болып саналмауы себеп.

23 жастағы Әліп 2022 жылдың ақпан айынан бастап «Зенит» сапында ойнайды. 2023 жылдың қаңтарында Санкт-Петербург клубы қорғаушыны «Қайраттан» 2 миллион еуроға сатып алды.

Биылғы маусымда Әліп бес матч өткізгенімен, мергендік танытқан жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға