Қазақ файтері Дамир Ысмағұлов UFC-мен келісімшартын аяқтады

Фото: instagram.com/ismagulov_damir
Фото: instagram.com/ismagulov_damir
26.07.2023 15:35
1309
UFC-дегі этникалық қазақ файтері Дамир Ысмағұлов ұйыммен келісімшартын аяқтап, жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингтен ресми түрде шығып кетті, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Шілде айында Ысмағұлов UFC турнирінде Грант Доусонмен жекпе-жекке шығып, төрешілер шешіммен жеңіліп қалған соң, промоушендер тізімінен шығарылды.
Оқи отырыңыз:
- UFC-ден кеткен Жалғас Жұмағұлов мәлімдеме жасады
- Лионель Мессидің клубы қатарынан екінші рет жеңіске жетті
Бұған дейін ол рейтингте 14-орында болса, енді оның орнына Мэтт Фревола шықты. 15-орынға рейтингке жаңа қосылған Диего Феррейра орналасты. UFC жеңіл салмақтағы үздік үштікке Чарльз Оливейра, Дастин Порье мен Джастин Гэтжи кіреді. Чемпиондық белбеу Ислам Махачевта.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Түркістан облысында қыз алып қашу жаңа деңгейге шықты
Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті