Жаңалықтар

Қазақ елі Дулат Исабековті ақтық сапарға шығарып салды

Қазақ елі Дулат Исабековті ақтық сапарға шығарып салды
Фото: Видеодан алынған кадр 23.02.2025 19:14 621

Бүгін Алаш жұрты жазушы Дулат Исабековті ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шара басында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту хатын оқып берді. Жедел хатта ұлағатты ғұмырын ұлт әдебиетіне арнаған, тағылымды туындыларымен оқырман санасына шамшырақ бола білген нағыз дегдар тұлғаның есімі халық жадында мәңгі сақталатыны жазылған.

Жезайыр жазушыны жер қойнына тапсырар сәтте сөз зергерінің замандастары көзді жасқа, көңілді шерге толтырып кете барған Дулат Исабеков жайлы жылы сөздерін айтып, өлшеусіз еңбегін үлгі етті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға