Жаңалықтар

QAZAQ AIR қысқы ұшу кестесіне көшеді

QAZAQ AIR қысқы ұшу кестесіне көшеді
Фото: t.me/qazaqair 26.10.2023 08:05 514

QAZAQ AIR 2023 жылғы 29 қазаннан бастап 2023 жылғы 30 наурызға дейінгі қысқы рейстердің кестесін назарларыңызға ұсынады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жаңа маусымда әуе компаниясы ішкі ұшу бағыттарын дамытуға және ел тұрғындарының үшін әуе тасымалы қолжетімді болуын қамтамасыз етуге басты назар аударады.
 
Қазақстан бойынша бағыттар:
 
Астана – Алматы – Астана
Астана – Шымкент – Астана
Астана – Ақтөбе – Астана
Астана – Түркістан – Астана
Астана – Талдықорған – Астана
Астана – Қостанай – Астана
Ақтөбе – Атырау – Ақтөбе
Астана – Қызылорда – Астана
Атырау – Орал – Атырау
Алматы – Қызылорда – Алматы
 
Халықаралық рейстер:
 
Астана — Омбы — Астана
Астана – Екатеринбург – Астана
 
Субсидияланған рейстер (31.12.2023 дейін):
 
Астана – Петропавл – Астана
Алматы – Көкшетау – Алматы
Шымкент – Жезқазған – Шымкент
Ақтөбе – Түркістан – Ақтөбе.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға