QAZAQ AIR Астанадан Үржарға алғашқы рейсін жасады

QAZAQ AIR әуекомпаниясы Астана-Үржар-Астана бағыты бойынша алғашқы рейсін орындады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Енді қазақстандықтар Астанадан Үржарға аптасына 5 рет бір бағытта 16 000 теңгемен ұша алады.
Авиакомпания өкілінің айтуынша, жаз маусымы басталмаса да, бір бағытқа борттың толықтығы 80 пайызды құрады
Астана-Үржар-Астана бағыты бойынша ұшулар жаңа генерацияланған de-Havilland Dash 8-Q400 канадалық әуе кемесінде орындалатын болады. 14 жасқа дейінгі балаларға компания 50% көлеміндегі жеңілдік ұсынады. Қолжүгін тасымалдау нормасы 5 кг, жолжүктікі – 20 кг. Ұшу датасы мен билеттерді қайтару кезінде ақша ұсталмайды
Билеттерді қазірден бастап flyqazaq.com ресми сайтынан, сондай-ақ әуекомпанияның сату кеңселерінде брондауға және сатып алуға болады
