Жаңалықтар

Қазанда қазақ киносының күндері өтті

Қазанда қазақ киносының күндері өтті
Фото: Сыртқы істер министрлігі 10.09.2024 03:46 393

Қазандық «Мир» кинотеатрында XX Қазандық халықаралық «Алтын минбар» кинофестивалі шеңберінде қазақ фильмдерінің көрсетілімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов соңғы жылдардағы қазақстандық кинематографияның үздік үлгілері көрермендерге ұсынылатынын атап өтті. Қазандағы Қазақ кино күндерінің бағдарламасы көрермендерді негізгі үш туындымен, бір мюзикл мен қысқаметражды анимациялық фильмдер альманахымен таныстырады. Мұндай іс-шаралар елдеріміздің мәдениет саласындағы қарым-қатынастарын нығайтуға оң үлесін қосады.

Өз кезегінде Татарстан Республикасының «Татаркино» мемлекеттік бюджеттік мәдениет мекемесінің директоры Миляуша Айтуганова Қазақстан Қазандық кинофестивалінің конкурстық және конкурстан тыс бағдарламаларында 10-ға жуық фильм ұсынғанын атап өтті, бұл қазақ кинематографистері жанрының алуан түрі бар екенін көрсетеді. Сонымен қатар ол биылғы жылы анимациялық фильмдердің рекордтық саны Қазақстаннан келгенін де хабарлады, бұл анимация жанрының өте жақсы дамуының көрсеткіші.

Көрсетілімнің ашылу салтанаты «Олиара» драмасымен басталды, ол режиссер және сценарист Томаша Тот пен Нұрлан Сегізбаевтың бірлескен қазақ-мажар жобасы. Сондай-ақ көрермендер қазақ режиссері Талғат Теменовтың «Смуглянка/QaraQyz» фильмін, Ерлан Нұрмұхамбетов пен Лиза Такэбаның «Конокрады. Дороги времени» атты қазақ-жапон бірлескен жұмысын және ү.ж. 5 қыркүйекте шыққан Фархат Шариповтың «Стоп.Ночь» атты мюзиклін тамашалады.

Іс-шараға Қазанда аккредиттелген шетелдік бас және құрметті консулдықтардың басшылары, Татарстан мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ іскер топтары, БАҚ және қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға