Qazagstan Barysy Grand Slam: Ел қоржынына екі қола медаль түсті
Елордада өтіп жатқан Qazagstan Barysy Grand Slam турнирінде ел қоржынына қос медаль түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Данияр Шамшаев пен Асқар Нарқұлов қола жүлдеге қол жеткізді.
Д. Шамшаев 73 келіге дейінгі салмақта отандасы Жансай Смағұловпен татамиге шықты.
21 жастағы Данияр Азия чемпионы болса, жасы отыздан асып кеткен Жансайдың атақ-дәрежесі бір басына жетерлік.
Белдесу барысында вазари әдісімен алға шыққан Д. Шамшаев сол басымдылықты уысынан шығарған жоқ.
Тағы бір қазақстандық, 23 жастағы Асқар Нарқұлов дәл осы салмақта қола жүлде үшін бәсекеде өзінен екі жасқа кіші грузиялық Джорджи Терашвилимен бақ сынасты. Бұл жекпе-жекте қателікке жол берген грузиялық спортшы жарыстан шеттетіліп, жеңіс А. Нарқұловқа берілді.
Еске салайық, бұған дейін Мағжан Шамшадин Астанадағы әлемдік Grand Slam-де топ жарғаны туралы жазған болатынбыз.