«ҚазАавтоЖол» ҰК» жүргізушілерді алыс сапарға шықпауға және ауа райы болжамын жіті бақылап отыруға шақырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
"Синоптиктердің болжамына сәйкес алдағы аптада елімізде қатты аяз болып, ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Ауа температурасының төмендеуіне орай дизельмен жүретін көліктердің отын жүйесінің қатып қалуы әбден мүмкін. Осыған орай республикалық маңыздағы күре жолдарда штаттан тыс жағдайларды болдырмау үшін Ұлттық оператор бірқатар өңірде дизельмен жүретін жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу енгізбек", - деп жазды «ҚазАавтоЖол» ҰК».
Күре жолдардағы ахуалды 1403 байланыс орталығына қоңырау шалып, білуге болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Елімізде тағы екі жайлы мектеп ашылды