Жаңалықтар

Қайың ағашын Еуроодаққа жолдайтын қазақстандық экспорттаушыларға үндеу жарияланды

Қайың ағашын Еуроодаққа жолдайтын қазақстандық экспорттаушыларға үндеу жарияланды
Фото: © Pixabay.com 31.08.2023 05:25 1290

Еуропалық комиссияның Қазақстан мен Турциядан Ресейден шығуы мүмкін ағашты ЕО-ға  жеткізуге қатысты антидемпингтік тергеуінің басталуына орай ҚР Сауда және интеграция министрлігі осы өнімді Еуропалық Одақ елдеріне экспорттаушы қазақстандық өндірушілер мен мүдделі тұлғаларға үндеу жолдайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Демпингке қарсы немесе арнайы қорғау шараларын мемлекеттер өздерінің экономикалық мүдделерін үшінші елдер тарапынан демпингтік, субсидияланатын немесе үлесі асқан импорттан қорғау үшін қабылдайды. 

Атап айтқанда, бүгінде ЕО-да Ресей Федерациясынан шыққан қайың фанеріне қарсы демпингке қарсы шара Еуропалық комиссияның 2021 жылғы қаулысымен белгіленді. Содан кейін Еуропалық комиссия ресейлік қайың фанерін жеткізуге қатысты демпингке қарсы тергеу жүргізді, нәтижесінде өндірушіге байланысты 14,4% - дан 15,8% - ға дейін демпингке қарсы баж салығы енгізілді.

2023 жылғы 22 тамызда осы тауар бойынша Еуропалық комиссия жаңа тергеуді бастады, оның негізі ЕО-ға Ресейден шыққан Қазақстан мен Түркиядан қайың фанерінің импортының ұлғаюы болды. 

Осы кезеңде, рәсімдерге сәйкес, 2023 жылғы 28 қыркүйекке дейін қазақстандық қайың фанера өндірушілері ынтымақтастықта болып, сұратылған ақпаратты Еуропалық комиссияға ұсынуы қажет. Деректерді ұсынбау және қазақстандық компаниялардың тергеуге қатысудан бас тарту қазақстандық қайың фанерін жеткізуге қолданыстағы демпингке қарсы баждардың 15,8% деңгейінде көтерілуіне әкелуі мүмкін. 

Дәл осындай шара, егер Еуропалық комиссия ресейлік қайың фанеріне қолданыстағы демпингке қарсы шараны айналып өтуді растаған жағдайда, Қазақстан Республикасынан ЕО-ға импорттау кезінде қазақстандық өндірілген тауарларға қолданылатын болады.

Тергеу аясында шараларға қатыспайтындықтарын көрсететін экспорттаушы компаниялар ЕО-ға фанерді еш кедергісіз жеткізуді жалғастырады.

Сауда және интеграция министрлігі өз тарапынан осы тергеу бойынша ынтымақтасуға дайын екендігі туралы Еуропалық комиссияға хабарлама жолдады.

ҚР Сауда және интеграция министрлігі экспорттаушы тараптың уәкілетті органы ретінде осы тергеу бойынша ынтымақтасуға дайын екендігі туралы Еуропалық комиссияға хабарлама жіберді. 

Осы ретте, Министрлік қазақстандық қайың фанерін өндірушілер үшін тергеу рәсімдеріне қатысты семинарлар ұйымдастырып, қажетті консультациялар, өндірушілерге Еуропалық комиссиядан алынған барлық материалдарды ұсынады (тергеудің басталғаны туралы хабарлама, еуропалық өндірушілердің мәлімдемесі, экспорттаушыларға арналған сауалнамалар және т.б.).  2023 жылғы 29 тамызда Еуропалық Одақтың қорғау шаралары саласындағы сарапшылар мен заң кеңесшілерінің қатысуымен МТИ алаңында экспорттаушылар мен мүдделі тұлғаларға арналған алғашқы семинар өтеді. 

Толық ақпарат пен консультация алу үшін Астанадағы тел. (7172 74 29 86) бойынша Министрліктің қорғау шаралары басқармасына хабарласуға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға