Жаңалықтар

Қайсар Алпысбай каратэден финалға шықты

Қайсар Алпысбай каратэден финалға шықты
Фото: ©Olympic.kz/Нұрғали ЖҰМАҒАЗЫ 06.10.2023 09:38 878

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында каратэден тағы бір спортшымыз финалға жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
Атап айтсақ, ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынап жатқан Қайсар Алпысбай үш қарсыласын жеңді. Алдымен Малайзиядан келген спортшыны 5:3 есебімен, ширек финалда таиландтық каратэшіні 8:3 есебімен жеңді. Жартылай финалда индонезиялық Ари Сапутраға мүмкіндік қалдырған жоқ (12:3).

Енді финалда Кувейт спортшысымен кездеседі.

Айта кетейік, кеше 75 келі салмақтағы Нұрқанат Әжіқанов чемпион атанған болатын.

Ал әйелдер арасында 68 келі салмақта өнер көрсеткен Лаура Әліқұл күміс жүлдені қанағат тұтты.

Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға