«Қайраттың» Чемпиондар лигасына қатысатын құрамы белгілі болды

Футзалдан «Қайрат» командасының Чемпиондар лигасы элиталық сатысына қатысатын құрамы белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық команда В тобында сынға түседі. Қарсыластары - «Бенфика» (Португалия), «Добовец» (Словения) және «Приштина» (Косово).
Ойындар Косовоның Приштина қаласындағы Жастар сарайында 2023 жылдың 29 қараша мен 2 желтоқсан аралығында өтеді.
Команда құрамы төмендегідей:
Қақпашылар: Деннис, Игита, Нарун Серіков.
Алаңдағы ойыншылар: Эдсон, Жахангир Рашит, Денер, Альберт Ақбалықов, Педро, Диего, Дәурен Тұрсағұлов, Дуглас Жуниор, Біржан Оразов, Дамир Қайырбай, Кайо Руиз, Игор Шушу, Алекс Виана, Алиссон.
Бас бапкер: Марлон Веласко.
Элиталық сатысында әрбір топта жеңімпаз болған командалар «Төртеудің финалы» сатысына жолдама алады. Жарыстың аталған сатысында Чемпиондар лигасының жеңімпазы анықталады.
