«Қайрат» жаңа маусымға арналған құрамын таныстырды

Алматының «Қайрат» футбол клубы сауда орталықтарының бірінде клубтың кәсіби командаларының жаңа маусымға арналған құрамын таныстырды. Оған жүздеген жанкүйер келген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев чемпиондық титулды қорғау, еурокубоктардың негізгі кезеңіне шығу, Қазақстан Кубогы мен Лига Кубогы үшін күресу деген сияқты басты мақсаттарды атап өтті. Ол сондай-ақ Академияның жетістіктерін, соның ішінде Дастан Сәтпаевтың «Челсиге» ауысқанын ерекше атап өтті.
Жанкүйерлерге клубтың маусымдағы мақсаттары туралы видеоролик көрсетіліп, кейін академия түлектерінен құралған кәсіби әйелдер командасы таныстырылды. Сосын негізгі құрам ойыншылары, бапкерлер штабы мен клуб қызметкерлері сахнаға шықты, - делінген мәліметте.
Іс-шара соңында жанкүйерлер үшін қолтаңба сессиясы ұйымдастырылды. Олар ойыншылармен суретке түсіп, қолтаңба алды. Сонымен қатар Қайрат Боранбаев, Рафаэль Уразбахтин, Мария Ялова мен Әділет Садыбеков қатысқан баспасөз маслихаты өтті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
