Жаңалықтар

Қайрат Түнтеков Димаш Құдайберген екеуін салыстыратындарға жауап берді

Қайрат Түнтеков Димаш Құдайберген екеуін салыстыратындарға жауап берді
Фото: instagram.com/kairat_tuntekov 12.01.2024 10:35 3654

Қайрат Түнтеков SALTANAT LIVE-қа берген сұхбатында Димаш Құдайберген екеуін салыстыратындарға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Естеріңізде болса, 2010 жылы француздың танымал SOS d'un terrien en detresse әнін орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Сонан соң Димаш Құдайберген Қытайдағы байқауда дәл осы туындыны айтты. Сондықтан да желіде қай өнер иесі әнді асыра орындады деген пікірталас та болған.

Оқи отырыңыз:

Мен попса жанрында орындадым, Димаштың стилі операға жақын, екеуміз де жақсы айтып шықтық, сондықтан неге салыстыратынын түсінбеймін. Кейіннен бұл әнді айтуға қорқатын болдым, нақтырағы, мүлде айтпаймын. Себебі сөздері ауыр – өлім туралы. Кейбіреулер вальс билеп жатады, тойда орындауымды да сұрайтындар бар. Ол кезде әннің тарихын түсіндіріп, бас тартамын, - деді әнші.

Айта кетейік, Қайрат Түнтеков SuperStar KZ реалити-шоуының екінші маусымыны жеңімпазы. Бірақ соңғы кездері сахнадан көрінбей кеткен болатын. Әншінің өзі биыл қаңтарда карьерасын жалғастыратынын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға