Жаңалықтар

Қайрат Сатыбалды мемлекетке 50 млрд теңгенің мүлкін қайтарды - Бас прокуратура

Қайрат Сатыбалды мемлекетке 50 млрд теңгенің мүлкін қайтарды - Бас прокуратура
Фото: Коллаж El.kz 15.08.2024 12:45 737

Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитеті Қайрат Сатыбалдыұлы мемлекетке 50 миллиард теңгеден астам активтерді қайтарғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі таңда 18 млрд теңгеге активтер қайтарылды. Олардың қатарында Алматыдағы 2 ірі бизнес орталығы, коммерциялық жылжымайтын мүлік және Астананың беделді ауданындағы элиталық үй бар. Сатыбалдыұлынан тінту барысында алынған 95 мың АҚШ доллары арнайы мемлекеттік қорға аударылды, - делінген мәліметте.

Сонымен қатар жүздеген миллион теңгеге эксклюзивті зергерлік бұйымдар, брендтік сағаттар, коллекциялық монеталар және басқа да сәнді бұйымдар (көлемі 174 атау бар)  мемлекетке қайтарылды.

Бұдан бөлек Біріккен Араб Әмірліктерінен жалпы құны 192 млн теңгені құрайтын Rolls-Royce Cullinan және Aston Martin маркалы көліктер түріндегі активтер қайтарылды.

Прокуратура жалпы сомасы 33 млрд теңгені құрайтын Қайрат Сатыбалдыұлы мен оның жақындарына тиесілі шетелдік мүліктің тапсырылуы аяқталу сатысында екенін қосты.

Оларға: Дубай қаласындағы құны 20 млрд теңге тұратын екі бағалы вилла; Францияның Көкшіл жағалауындағы құны 4 млрд теңге тұратын төрт элиталық пәтер; құны 5 млрд теңге тұратын Ресейдің Мәскеу қаласындағы беделді тұрғын үй кешендеріндегі 15 жылжымайтын мүлік; құны 4 млрд теңгеден астам Түркияның Бодрум және Стамбул қалаларындағы екі элиталық вилла және пәтер жатады, - делінген.

Басқа істерді ескере отырып, Қ.Сатыбалдыұлы 2,5 жыл ішінде мемлекетке 783 млрд теңгеге активтерді қайтарды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға