Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды
Фото: instagram.com/kudaibergen_kairat
Фото: instagram.com/kudaibergen_kairat
24.05.2023 15:22
750
Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 21 маусымына дейін ұзартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 19 мамырдағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Қ.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін ұзартуын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. Яғни 2023 жылдың 21 маусымына дейін, - делінген сот мәліметінде.
Айта кетейік, Алматы мәслихатының VII шақырылым депутаты әрі блогер Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасына байланысты 2022 жылғы 22 сәуірде ұсталды. Құдайберген жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және қатысты деп айыпталуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада жүлде қоры 20 млн теңгені кұрайтын бәйге өтеді