Жаңалықтар

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды
Фото: instagram.com/kudaibergen_kairat 23.08.2023 10:04 761

Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 21 қыркүйегіне дейін ұзартты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылы 16 тамыздағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Қ-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін ұзартуын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. Яғни 2023 жылдың 21 қыркүйегіне дейін, - делінген сот хабарламасында.

Айта кетейік, Бас прокуратура Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасының ісі бойынша ұсталғанын айтқан болатын. Ол 2022 жылы 21 сәуірде қамауға алынды.

Осы уақытқа дейін Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі бірнеше рет ұзартылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға