Қайрат Құдайберген 8 жылға сотталды
Фото: facebook.com/KudaibergenKairat
Фото: facebook.com/KudaibergenKairat
27.01.2025 11:46
628
Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасы бойынша сегіз жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сот Алматы мәслихатының бұрынғы депутатын жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны және оған қатысқаны үшін кінәлі деп тапты. Сонымен қатар оған қоғамдық-саяси жұмыспен айналысуға тыйым салынды.
Бұған дейін тергеу Құдайберген «Дикий Арманмен» бірге Алматыдағы «Қазақстан» қонақ үйіне адамдарды жинап, Жұмағелдиевтің айналасына бірігуге, оны қолдауға және билікке бірыңғай талаптар қоюға шақырды деп мәлімдеген болатын.
Сот процесі жабық режимде өтіп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға