Жаңалықтар

Қайрат Омаров Вашингтонға сапармен келді

Қазақстан Сыртқы істер министрі бірінші орынбасарының Вашингтонға жұмыс сапары туралы
Қайрат Омаров Вашингтонға сапармен келді
Фото: ҚР СІМ 30.04.2023 17:35 1250

Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров өзінің АҚШ-қа сапары аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізіп, оның барысында тараптар АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Астанаға жақында өткен сапарының қорытындыларын талқылады және Қазақстан-АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту жоспарларын белгіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі СІМ-ге сілтеме жасап. 

Ақ үй, АҚШ Мемлекеттік департаменті, Қорғаныс министрлігінің басшылығы және Конгрестің Өкілдер палатасының мүшелерімен келіссөздер конструктивті және іскерлік сипатта өтті. Саясат, қауіпсіздік, сауда саласындағы басымдықтардың ортақтығын атап өтіп, екі жақ өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту ниетін қуаттады.

Кездесулер барысында қазақстандық дипломат америкалық әріптестерге елімізде жүргізіліп жатқан реформалар, соның ішінде. парламенттік сайлаудың нәтижелерін жеткізді. Ауқымды реформаларды құптай отырып, америкалық тарап Қазақстан үкіметінің оларды жүзеге асыру жөніндегі күш-жігерін қолдайтынын тағы да білдірді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысының Басқару және ресурстар жөніндегі бірінші орынбасары Ричард Вермамен өткен келіссөздер халықтар арасындағы байланыс пен консулдық саладағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді. АҚШ Мемлекеттік хатшысының Саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Виктория Нуландпен кездесу саяси диалогты жандандыруға үлкен қызығушылық бар екенін айқындады. Әңгімелесу барысында энергетика және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері де қарастырылды.

АҚШ Мемлекеттік хатшысының Халықаралық қауіпсіздік және қаруды таратпау жөніндегі көмекшісі Элиот Кангпен және АҚШ Мемлекеттік хатшысының Қаруды бақылау, тексеру және келісімдерді сақтау жөніндегі көмекшісі Мэллори Стюартпен кездесулер ядролық энергетиканы дамыту және таратпау режимін қамтамасыз етудің маңыздылығын талқылауға және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттікті құру бастамасын іске асыру тәсілдерін қарастыруға мүмкіндік берді.

Конгресс мүшелерімен жеке кездесулердің басты назарында парламентаралық байланыстарды жандандыру, сондай-ақ Қазақстан мен АҚШ арасында тұрақты қалыпты сауда қатынастарын орнату және Джексон-Вэник түзетуінің күшін жою болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға